Намаз оқушы сол аяғын жерге жайып, үстіне отырады, ал, оң аяғының ұшын тік тұрғызады.
Әбу Хумейдтің хадисінде, ол: «Екі ракағаттан кейін отырған кезінде, сол аяғына отырып, оң аяғын /ұшымен/ тік тұрғызатын», - деді (әл-Бұхари, 828).
Екі сәжденің арасында ұзақ отыру.
Бұл туралы: Сәбит әл-Бунанидің Әнәстан жеткізген хадисінде, Әнәс : «Шын мәнінде, мен сендермен Алла елшісі бізбен қалай намаз оқығанындай намаз оқуға барымды саламын», - деді. Хадисті жеткізген Сәбит: «Әнәс әрдайым бір нәрсені істеп жүрді, оны сендер жасап жүргендеріңді мен көріп жүргенім жоқ. Ол рукуғтан басын көтергеннен кейін, /сонша ұзақ/ тұрды, тіпті, кейбірі «/сәжде туралы/ ұмытып кеткен шығар» деп ойлап қалатын. Ал, сәждеден басын көтергеннен кейін, /сонша ұзақ/ отырды, тіпті, кейбірі «/екінші сәжде туралы/ ұмытып кеткен шығар» деп ойлап қалатын», - деді (әл-Бұхари, 821; Муслим, 472).
Екінші, төртінші немесе кез келген /жұп/ ракағатқа тұрам деген кісі, тұрудың алдында сәл отыруы.
Бұл отырыс – «дем алу отырысы» деп аталады. Ол отырыста белгілі бір зікір-дұға айтылмайды.
«Дем алу отырысының» намазда бекітілгені туралы үш хадисте айтылған, олардың бірі:
Мәлик ибн әл-Хуейристің хадисінде, ол пайғамбардың намаз оқып жатқанында, тақ санды ракағаттан кейін жақсылап отырып алмай тұрмайтынын хабарлады (әл-Бұхари, 823). Мәлик инб әл-Хуейрис бізге пайғамбардың мына сөзін жеткізген еді: «Менің қалай намаз оқығанымды көргендеріңдей намаз оқыңдар» (әл-Бұхари, 631).
«Дем алу отырысының» сүннет екенінде ғалымдардың арасында келіспеушілік бар. Алайда, дұрысы – ол отырыс ешқай шүбәсіз сүннет болып табылады. Мәлик ибн әл-Хуейристің хадисі бұған дәлел. Отырыстың сүннет екені туралы пікірді ұстанған ғалымдар: ән-Нәуәуи, әш-Шәукәни, Ибн Баз және әл-Әлбани (оларға Алланың рахыметі болсын), олармен қатар Ғылыми зерттеулер мен фәтуә шығару тұрақты комитеті («Фәтәуә уә мақаләт мутәнәууиъа» 11/99; «Фәтәуә әл-ләжнә әд-дәимә» 6/445-446).
Ән-Нәуәуи /оған Алланың рахыметі болсын/: «/Дем алу отырысы сүннет екені туралы пікір/ дұрыс болып табылады. Ол жөнінде сенімді хадистер бекітілді», - деді («Әл-мәжмуъ» 3/441).
Хабарласу
Бізбен
Хабараласуыңызды және сауалдарыңызды кез-келген уақытта қабылдауға қуаныштымыз