languageIcon
search
search
brightness_1 Екінші, төртінші немесе кез келген /жұп/ ракағатқа тұрам деген кісі, тұрудың алдында сәл отыруы.

Бұл отырыс – «дем алу отырысы» деп аталады. Ол отырыста белгілі бір зікір-дұға айтылмайды.

«Дем алу отырысының» намазда бекітілгені туралы үш хадисте айтылған, олардың бірі:

Мәлик ибн әл-Хуейристің  хадисінде, ол пайғамбардың  намаз оқып жатқанында, тақ санды ракағаттан кейін жақсылап отырып алмай тұрмайтынын хабарлады (әл-Бұхари, 823). Мәлик инб әл-Хуейрис  бізге пайғамбардың  мына сөзін жеткізген еді: «Менің қалай намаз оқығанымды көргендеріңдей намаз оқыңдар» (әл-Бұхари, 631).

«Дем алу отырысының» сүннет екенінде ғалымдардың арасында келіспеушілік бар. Алайда, дұрысы – ол отырыс ешқай шүбәсіз сүннет болып табылады. Мәлик ибн әл-Хуейристің  хадисі бұған дәлел. Отырыстың сүннет екені туралы пікірді ұстанған ғалымдар: ән-Нәуәуи, әш-Шәукәни, Ибн Баз және әл-Әлбани (оларға Алланың рахыметі болсын), олармен қатар Ғылыми зерттеулер мен фәтуә шығару тұрақты комитеті («Фәтәуә уә мақаләт мутәнәууиъа» 11/99; «Фәтәуә әл-ләжнә әд-дәимә» 6/445-446).

Ән-Нәуәуи /оған Алланың рахыметі болсын/: «/Дем алу отырысы сүннет екені туралы пікір/ дұрыс болып табылады. Ол жөнінде сенімді хадистер бекітілді», - деді («Әл-мәжмуъ» 3/441).