Таң намазының сүннеті ол – мұсылман адам күнінің басында оқитын, «ратиб» сүннеттерінің біріншісі. Және оның өзінде бірнеше сүннет амалдары бар. Оларды атап кетудің алдында «ратиб» сүннеттердің не екенін айтып кеткеніміз дұрыс болады. «Ратиб сүннеттері» - әрдайым парыздармен бірге оқылатын сүннет намаздары. Ракағаттарының жалпы саны – он екі ракағат.
Умму Хабиба былай деді: «Мен Алла елшісінің былай деп айтқанын естідім: «Кімде-кім күні мен түнінде он екі ракағат оқыса, сол үшін оған жәннатта үй салынады» (Муслим, 728; және әт-Тирмизи осы хадисті риуаят етіп, «Бесін намазының алдында төрт, және одан кейін екі ракағат, ақшам намазынан кейін екі ракағат, құптан намазынан кейін екі ракағат және таң намазының алдында екі ракағат» деген пайғамбардың сөздерін әкелді, (әт-Тирмизи, 415) және хадисті «жақсы әрі сенімді» деді).
Ратиб сүннеттерінің ең маңыздысы – таң намазының сүннеті. Бұл туралы мына хадистерде айтылған:
А) Аиша анамыз : «Пайғамбар нәпіл намаздардың бірін де таң намазының алдындағы екі ракағат сүннеті сияқты тұрақты оқымады!» - деді (әл-Бұхари, 1196; Муслим, 724).
Б) Аиша анамыз пайғамбардың мына сөздерін жеткізеді: «Таң намазының /алдында оқылатын/ екі ракағат намаз – дүниеден және оның ішінде барлық нәрселерден жақсы!» (Муслим, 725).
Таң намазының сүннеті ерекшеленетін кейбір іс-шаралар:
Біріншіден: екі «Сахих» хадистер жинақтарында келгендей, таң намазының сүннеті жай күндері де, сапар күндері де оқылады. Ал, сапар күндері бесін, ақшам және құптан намаздарының «ратиб» сүннеттерін оқымау – сүннет болып табылады.
Таң намазының сүннеті ерекшеленетін кейбір іс-шаралар:
Екіншіден: оның сауабы дүние және оның ішіндегі барлық нәрселерден жақсы.
Аиша анамыз пайғамбардың мына сөздерін жеткізеді: «Таң намазының /алдында оқылатын/ екі ракағат намаз – дүниеден және оның ішінде барлық нәрселерден жақсы!» (Муслим, 725).
Таң намазының сүннеті ерекшеленетін кейбір іс-шаралар:
Үшіншіден: сүннет бойынша, оны ұзақ оқымау керек. Бұның дәлелін айтып кеткен болатынбыз.
Сондай-ақ, Аиша анамыз хадисінде былай деп айтатын: «Алла елшісі таң намазының /сүннетін/ оқығанда, оларды ұзақ оқыған жоқ. Тіпті, мен: «Намазында «Құран анасын (әл-Фатиханы)» оқыды ма екен?» - деп айтатынмын» (әл-Бұхари, 1171, Муслим, 724).
Тек бір шартпен тез оқуға болады: сүннетті орындау кезде, намаз оқитын адам намаздың қандай да бір міндетті әрекеттерін бұзбай немесе адамның намазды тез орындап, сол арқылы тыйым салынған әрекеттерге кіруіне ықпал етпейтін болуы керек.
Таң намазының сүннеті ерекшеленетін кейбір іс-шаралар:
Төртіншіден: Муслимде келген Әбу Һурайраның хадисінде айтылғандай, сүннет бойынша, таң намазының екі ракағат сүннетінде Фатиха сүресінен кейін, бірінші ракағатында {Айт: «Ей, кәпірлер!»} (Кәфирун сүресі), екінші ракағатында {Айт: «Ол, Алла - Жалғыз»} (Ықылас сүресі) оқылады.
Немесе, бірінші ракағатында Фатиха сүресінен кейін {Айтыңдар: «Біз Аллаға сендік және бізге түсірілгенге /Құранға/, әрі Ибраһимге, Исмаъилға, Исхаққа, Яъқубқа, және ұрпақтарына түсірілгенге және Мұсаға, Исаға берілгенге, әрі Раббысы тарапынан пайғамбарларға берілгенге сендік. Олардың ешқайсысының араларын айырып, бөлмейміз, әрі біз тек Оған бойсұнушымыз», - деп} (Бақара сүресі, 136) аяты оқылады.
Және Муслимде келген Ибн Аббастың хадисінде айтылғандай, екінші ракағатында: {/Ей, Мұхаммед!/ Айт: «Ей, кітап берілген қауым! Бізге де, сендерге де бірдей бір сөзге келейік, - Алладан басқаға құлшылық қылмайық, Оған ешнәрсені серік қоспайық. Сондай-ақ, бірімізді біріміз Алладан өзге – иелер етіп алмайық», - деп. Егер олар бет бұрса: «Біздің мұсылман екенімізге куә болыңдар», - деп айтыңдар} (Бақара сүресі, 64) аяты оқылады. Бұл сүннеттер бірде былай, бірде былай оқылатын, әр түрлі көріністермен келген.
Таң намазының сүннеті ерекшеленетін кейбір іс-шаралар:
Бесіншіден: сүннет бойынша, таң намазының сүннетін оқығаннан кейін оң жақ бүйірімен жату.
Бұл туралы:
Аиша анамыз хадисінде : «Пайғамбар таң намазының /сүннет/ екі ракағатын оқығаннан кейін, оң жақ бүйірімен жататын», - деді (әл-Бұхари, 1160).