brightness_1
Таң намазының екі ракағат сүннетінде келесі сүрелерді оқу
Таң намазының сүннеті ерекшеленетін кейбір іс-шаралар:
Төртіншіден: Муслимде келген Әбу Һурайраның хадисінде айтылғандай, сүннет бойынша, таң намазының екі ракағат сүннетінде Фатиха сүресінен кейін, бірінші ракағатында {Айт: «Ей, кәпірлер!»} (Кәфирун сүресі), екінші ракағатында {Айт: «Ол, Алла - Жалғыз»} (Ықылас сүресі) оқылады.
Немесе, бірінші ракағатында Фатиха сүресінен кейін {Айтыңдар: «Біз Аллаға сендік және бізге түсірілгенге /Құранға/, әрі Ибраһимге, Исмаъилға, Исхаққа, Яъқубқа, және ұрпақтарына түсірілгенге және Мұсаға, Исаға берілгенге, әрі Раббысы тарапынан пайғамбарларға берілгенге сендік. Олардың ешқайсысының араларын айырып, бөлмейміз, әрі біз тек Оған бойсұнушымыз», - деп} (Бақара сүресі, 136) аяты оқылады.
Және Муслимде келген Ибн Аббастың хадисінде айтылғандай, екінші ракағатында: {/Ей, Мұхаммед!/ Айт: «Ей, кітап берілген қауым! Бізге де, сендерге де бірдей бір сөзге келейік, - Алладан басқаға құлшылық қылмайық, Оған ешнәрсені серік қоспайық. Сондай-ақ, бірімізді біріміз Алладан өзге – иелер етіп алмайық», - деп. Егер олар бет бұрса: «Біздің мұсылман екенімізге куә болыңдар», - деп айтыңдар} (Бақара сүресі, 64) аяты оқылады. Бұл сүннеттер бірде былай, бірде былай оқылатын, әр түрлі көріністермен келген.