brightness_1
Сүннет бойынша, түске дейінгі уақытта «духа» намазы оқылады.
Бұл жөнінде:
А) Әбу Һурайраның хадисінде, ол: «Маған менің сүйікті досым /пайғамбарым/ үш нәрсені өсиет етті: әр айдың үш күнінде /нәпіл/ ораза ұстау, екі ракағат духа намазын оқу, ұйықтар алдында үтір намазын оқу», - деді. Сондай-ақ, пайғамбар духа намазын оқуды Әбу әд-Дардаға (Муслим, 722), Әбу Зарға да өсиет еткен (ән-Нәсәи «Әс-сунан әл-кубра» (2712), әл-Әлбани хадистің сенімділігін растады «әс-Сахиха» (2166)).
Б) Әбу Заррдың хадисінде, ол: «Пайғамбар былай деді: «Әр адамның буынындай мөлшерде садақа беруі керек. «Алла пәк» (Субханаллаһ), «Барлық мақтау-мадақ Аллаға тән» (Әлхәмдулилләһ), «Алладан басқа құдай жоқ» (Лә иләһа илләллаһ) немесе «Алла ұлық» (Аллаһу әкбар) деп айту садақа болады. Жақсылықты уағыздау, жамандыққа кедергі болу да садақа болады. Духа намазы болса, бұлардың барлығының орнын басады», - деді (Муслим, 720).
Сондай-ақ, Муслимнің «Сахих» хадистер жинағында Аиша анамыздан жеткен хадисінде әр адамның үш жүз алпыс буыны бар екені туралы айтылған, және кімде-кім ол санға тең садақа берсе, Қиямет күні өзін тозақтан құтқарып алған халде жүреді деп баян етілген.