Сүннет бойынша, түске дейінгі уақытта «духа» намазы оқылады.
Бұл жөнінде:
А) Әбу Һурайраның хадисінде, ол: «Маған менің сүйікті досым /пайғамбарым/ үш нәрсені өсиет етті: әр айдың үш күнінде /нәпіл/ ораза ұстау, екі ракағат духа намазын оқу, ұйықтар алдында үтір намазын оқу», - деді. Сондай-ақ, пайғамбар духа намазын оқуды Әбу әд-Дардаға (Муслим, 722), Әбу Зарға да өсиет еткен (ән-Нәсәи «Әс-сунан әл-кубра» (2712), әл-Әлбани хадистің сенімділігін растады «әс-Сахиха» (2166)).
Б) Әбу Заррдың хадисінде, ол: «Пайғамбар былай деді: «Әр адамның буынындай мөлшерде садақа беруі керек. «Алла пәк» (Субханаллаһ), «Барлық мақтау-мадақ Аллаға тән» (Әлхәмдулилләһ), «Алладан басқа құдай жоқ» (Лә иләһа илләллаһ) немесе «Алла ұлық» (Аллаһу әкбар) деп айту садақа болады. Жақсылықты уағыздау, жамандыққа кедергі болу да садақа болады. Духа намазы болса, бұлардың барлығының орнын басады», - деді (Муслим, 720).
Сондай-ақ, Муслимнің «Сахих» хадистер жинағында Аиша анамыздан жеткен хадисінде әр адамның үш жүз алпыс буыны бар екені туралы айтылған, және кімде-кім ол санға тең садақа берсе, Қиямет күні өзін тозақтан құтқарып алған халде жүреді деп баян етілген.
Уақыты:
Уақыты: духа намазының уақыты – күннің найзаның биіктігіне дейін көтерілгенінен басталады, яғни, намаз оқуға тыйым салынған уақыт біткеннен кейін.
Аяқталуы: түс уақытының алдында, яғни бесін намазына шамамен он минут қалғанда.
Бұл туралы: Ъамр ибн Ъабаса хадисінде: «Таң намазын оқы. Бірақ, күн шығып /найзаның биіктігіне дейін/ көтерілгенше намаздан тыйыл. Одан кейін көлеңке найзаның өзіне тұрақталғанға /көлеңке тым қысқа болғанға/ дейін намаз оқы. Шын мәнінде, бұл намазға келіп, куә болатындар бар. Одан кейін намаздан тыйыл, себебі, ол уақытта тозақтың оты жағылады...», - делінеді (Муслим, 832).
Духа намазын орындау үшін ең абзал уақыт
Духа намазын орындау үшін ең абзал уақыт: уақытының соңында /түске қарай/, яғни жердің сондай қатты қызғаны үшін түйе боталары жерде тұруды қиынсынатын уақытта.
Бұл жөнінде: Зейд ибн Арқамның хадисінде, ол: «Пайғамбар : «Тәубеге келушілердің намаз уақыты – түйе боталарының тұяқтары күйе бастағанда» (Муслим, 748).
Ибн Баз /оған Алланың рахыметі болсын/: «Духа намазы – уақытының соңында орындауы абзал болатын намаздарынан» («Фәтәуә Исләмия» 1/515 қара).
Духа намазының ракағаттар саны
Духа намазының ең аз ракағаттар саны – екі ракағат. Екі «Сахих» хадистер жинағындағы Әбу Һурайраның хадисінде келгендей: «...үш нәрсені өсиет етті...» олардың ішінде: «духа намазының екі ракағатын оқу» бар (әл-Бұхари, 1981; Муслим, 721).
Духа намазының ең көп ракағаттар саны: ол намаздың ең көп ракағаттар саны «сегіз» деген тұжырымға қарсы болып табылатын, дұрыс тұжырым бойынша, ол намаздың ең көп ракағаттар саны жоқ. Намаз оқушы сегіз ракағаттың үстінен оған Алла қаншалықты ракағат жолын ашса, сонша қоса алады. Аиша анамыздың хадисінде айтылғандай: «Алла елшісі духа намазын төрт ракағат етіп оқитын және оның үстіне қалағаныша қосатын» (Муслим, 719).
Хабарласу
Бізбен
Хабараласуыңызды және сауалдарыңызды кез-келген уақытта қабылдауға қуаныштымыз