languageIcon
search
search
brightness_1 Дұға жасап жатқанда таһаратты болуы.

Екі «Сахих» хадистер жинағында келген, Әбу Мусаның  хадисінде, оның және ағасы Әбу Амирдың  қиссасы баяндалады. Пайғамбар  оны ағасы Әбу Амирдың қоластында Аутас жауынгерлеріне қарсы жіберді. Жалғасы хадисте: «Әбу Амир  қаза табар алдында пайғамбарға  одан сәлем айтуын және оған дұға сұрауын Әбу Мусаға  өсиет етті. Сонда Әбу Муса : «Мен оған /пайғамбарға/ Әбу Амирге және бізге қандай жағдай болғанын хабарладым. Және Әбу Амирдің: «Оған айт, мен үшін Алладан кешірім сұрасын», - деген сөзін де жеткіздім. Алла елшісі  болса, суды талап етіп, таһарат алды. Одан кейін, қолдарын /жайып/: «Уа, Алла! Ъубейд Әбу Амирді кешіре гөр!» - деді, /қолдарын көтергені сонша/ қолтықтарының ақ жерлерін көрдім. Одан кейін: «Уа, Алла! Қиямет күні оны /Әбу Амирді/ жаратқандарыңның немесе адамдардың көбісінен жоғары ете гөр!» - деді (әл-Бұхари, 4323; Муслим, 2498).

brightness_1 Құбылаға қарап дұға сұрау.

Абдулла ибн Аббастан /ол екеуіне Алла разы болсын/: «Маған Омар ибн әл-Хаттаб  былай деп баяндады: «Бадр шайқасы күнінде Алла елшісі  мүшріктерге қарады. Олардың /саны/ мың адам, ал сахабаларының /саны/ тек үш жүз он тоғыз ғана адам болды. Сонда Алланың пайғамбары  құбылаға бет бұрып, қолдарын созып Раббысына жалбарына бастады: «Уа, Алла! Маған уәде бергеніңді орындай гөр! Уа, Алла! Маған уәде бергеніңді бере гөр! Уа, Алла! Егер сен мына мұсылмандар тобын жойып жіберсең, Саған жер бетінде құлшылық етілмейді». Құбылаға қарап, қолын созып, жамылғысы иығынан түсіп кеткенше дейін Раббысына жалбарына берді. Сонда қасына Әбу Бәкір келіп, жамылғысын көтеріп, иығына қайта жауып қойды. Одан кейін артынан құшақтап: «Уа, Алланың пайғамбары, Раббыңа жалбарынғаның жетер. Шын мәнінде, Ол саған берген уәдесін орындайды...», - деді» (Муслим, 1763).

brightness_1 Дұғаны қайталап, табандылық таныту.

Бұл туралы біз айтып кеткен Ибн Аббастың /ол екеуіне Алла разы болсын/ хадисінде айтылған. Пайғамбар : «Уа, Алла! Маған уәде бергеніңді орындай гөр! Уа, Алла! Маған уәде бергеніңді бере гөр!» - деп жамылғысы иығынан түсіп кеткенше дейін Раббысына жалбарына берді. Сонда қасына Әбу Бәкір келіп, артынан құшақтап: «Уа, Алланың пайғамбары, Раббыңа жалбарынғаның жетер...», - деді» (Муслим, 1763).

Және екі «Сахих» хадистер жинағында Әбу Һурайрадан  келген хадисте пайғамбардың  Даус тайпасына жасаған дұғасын қайталап сұрағаны хабарланады: «Уа, Алла! Даус тайпасын тура жолға сала гөр! Оларды жеткізе гөр! Уа, Алла! Даус тайпасын тура жолға сала гөр! Оларды жеткізе гөр!» (әл-Бұхари, 2937; Муслим, 2524).

Сондай-ақ, Муслимнің «Сахих» хадистер жинағында пайғамбардың  былай деп айтқан сөзі келтіріледі: «Сапары ұзаққа созылған, үсті-басын шаң басқан, шашы ұйпа-тұйпа болып кеткен кісі аспанға қолын созып: «Уа, Раббым! Уа, Раббым!», - дейді» (Муслим, 1015). Дұғасындағы сөздерді қайталау – табандылықты білдіреді.

Сүннет бойынша, дұға-тілекті үш рет қайталаған дұрыс. Ибн Масъудтің  екі «Сахихте» келген хадисінде: «/Пайғамбар/ дұға жасағанда үш рет қайталайтын, және сұрағанда да сұрауын үш рет қайталайтын. Одан кейін: «Уа, Алла! Құрайыштардың жазаларын бер», - деп үш рет айтты», - деп хабарланады (әл-Бұхари, 240; Муслим, 1794).

brightness_1 Дұға сұрағанымда не деп айтамын?

Пайдалы мәлімет: Кейбір адамдар «Дұға сұрағанымда не деп айтамын?» деп сұраулары мүмкін.

Жауабы: Алладан осы дүниенің және Ақыреттің хайырлысынан сұраңыз. Және сөзі аз, бірақ мағынасы көп жағдайды қамтитын дұғаларды таңдаңыз. Ондай дұғалар Құран Кәрім мен сүннетте бар. Олар осы дүние өмірінде және Ақырет өміріндегі хайырлы нәрселерді қамтиды. Ондай сұрақ пайғамбарымызға да қойылған, сонда пайғамбарымыз ұлы сөздермен жауап берді. Ол сөздер туралы қатты ойланыңыз! Және бұл дұғалар – ең қуанышты жаңалық, ең жақсы сыйлық, өйткені адамға оларда айтылған нәрсе берілсе, ол – адамдардың ішінде ең бақытты болары сөзсіз! Сондықтан да бұл дұғаларды ұстанып, олар туралы ойланыңыз!

Әбу Мәлик әл-Әшжаъи өзінің әкесінен /ол екеуіне Алла разы болсын/ мына сөздерді жеткізеді: «Бірде, пайғамбарға  бір кісі келіп: «Уа, Алла елшісі! Раббымнан /бірдеңе/ сұрағанда, мен не дейін?» - деп сұрайды. Сонда пайғамбар : «Айт: «Уа, Алла! Мені кешіре гөр! Маған мейіріміңді таныта гөр! Маған ден-саулық, әрі ризық бере гөр! (Аллахуммә-ғфир ли, уә-рхам-ни, уә ъафи-ни, уә-рзук-ни)/اللَّهُمَّ اغْفِرْ لِي ، وَارْحَمْنِي ، وَعَافِنِي ، وَارْزُقْنِي/» - деп жауап береді. Одан кейін қолдарының бармағынан басқа саусақтарын жинап: «Шын мәнінде, бұл сөздер саған дүниеңде де Ақыретіңде де бар нәрселерді жинап береді», - деді» (Муслим, 2697).

Хадистің басқа бір риуаятында: «Адамдардың біреуі Исламды қабылдағанда пайғамбар  оған намаз оқуды үйретіп, одан кейін мына сөздермен дұға етуді әмір ететін: «Уа, Алла! Мені кешіре гөр! Маған мейіріміңді таныта гөр! Мені тура жолға сала гөр! Маған ден-саулық, әрі ризық бере гөр!» (Аллахуммә-ғфир ли, уә-рхам-ни, уә-хди-ни, уә ъафи-ни, уә-рзук-ни)/اللَّهُمَّ اغْفِرْ لِي وَارْحَمْنِي ، وَاهْدِنِي ، وَعَافِنِي ، وَارْزُقْنِي/», - деп келтіріледі (Муслим, 2697).