languageIcon
search
search
brightness_1 Дәретханаға кірерде және одан шыққанда арнайы зікір айту.

Сүннет бойынша, дәретханаға кірерде екі «Сахих» хадистер жинағында келген зікірді айту:

Әнәстан : «Алла елшісі  дәретханаға кірерде былай деп айтатын: «Уа, Алла! Шын мәнінде, мен ер және әйел жын-шайтандардан Өзіңе сиынамын» (Аллаһуммә инни әъузу бикә минәл-хубси уәл-хабәис)/اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنَ الْخُبثِ وَالْخَبَائِثِ/» (әл-Бұхари, 6322; Муслим, 375).

Дәретханадан шыққан кісі сүннет бойынша, мына сөздерді айтады:

Ахмадтың «Муснад» кітабында, Әбу Дәуіттің және әт-Тирмизидің «Сунан» хадистер жинақтарында келген, және әл-Әлбани «сенімді хадис» деген Аиша анамыздың   хадисінде: «Пайғамбар  дәретханадан шыққан кезде: «/Уа, Алла!/ кешіріміңді сұраймын» (Ғуфранәк)/غُفْرَانَكَ/, - дейтін еді», - деп айтылады (Ахмад, 25220; Әбу Дәуіт, 30; әт-Тирмизи, 7; әл-Әлбани «сенімді хадис» деді «Тахқиқ мишкат әл-масабих» 1/116).

brightness_1 Өсиет жазу.

Ауырып жатса да, сау болып жүрсе де әрбір мұсылман үшін өсиет жазу – сүннет болып табылады. Алла елшісінің  айтқанындай: «Егер мұсылманда өсиет ете алатын заты болса, өсиет жазбай екі түн де өткізбесін»  (Ибн Омардың /ол екеуіне Алла разы болсын/ хадисінен, әл-Бұхари, 2783; Муслим, 1626). Хадисте «екі түн» деп нақты екі түнді айтып жатқан жоқ, мұсылман үшін аз уақыт өтсе өсиеті жазылып қойғаны дұрыс дегенді білдіреді. Өйткені, ол ажалы қашан келетінін білмейді. Міне, бұл сүннет – барлық адамдарға жалпы сүннет болып табылады.

Алла Тағаланың құқықтарымен байланысты: зекет, қажылық, күнәлардан өтелу сияқты өсиетке келер болсақ, немесе адамдардың құқықтарымен байланысты: қарыз, аманатты орындау сияқты өсиеттерге келетін болсақ –  мұндай жағдайларда өсиет жазу сүннет емес уәжіп болады. Себебі бұл міндетті құқықтарды орындауға байланысты. Әсіресе, /орындалмай қалған/ құқықтар туралы ешкім білмесе өсиетті жазу - уәжіп. Шариғи ережеде айтылғандай: [Уәжіп тек бір амал істеумен іске асырылса, ол амал да уәжіп болады].

brightness_1 Намазды күту.

Намазды күту – бұл адамды үлкен сыйға апаратын сүннеттердің бірі.

Бұл жөнінде:

Әбу Һурайраның  хадисінде: «Алла елшісі былай деді: «Біреулеріңді /мешітте/ ұстап тұрған – намазы ғана, әрі жанұясына оралуына кедергі болып тұрған – намазы ғана болса, онда ол /мешітте өткізген уақыттың барлығында/ намазда болады»» (әл-Бұхари, 659; Муслим, 649). Мешітте намазды күтіп отырған кісі – өзінің күтуі үшін намаз оқып тұрған секілді сауап алады.

Әбу Һурайрадан : «Алла елшісі былай деді: «Біреулерің өзінің намаз оқыған жерінде таһаратын бұзбай, күтіп отырса, ол үшін періштелер «Уа, Алла! Оны кешіре гөр! Уа, Алла! Оған мейіріміңді таныта гөр!» деп дұға жасап отырады. Біреулеріңді /мешітте/ ұстап тұрған – намазы ғана, әрі жанұясына оралуына кедергі болып тұрған – намазы ғана болса, онда ол /мешітте өткізген уақыттың барлығында/ намазда болады»» (әл-Бұхари, 659; Муслим, 649). «Таһаратын бұзбай» дегені, яғни, таһаратты бұзатын әрекеттерді істемеуі. Сондай-ақ, Муслимде:

«Онда ешкімге зиян келтірмей, таһаратын бұзбай» деп келтіріледі (Муслим, 649). Яғни, мұсылманға ондай сауап – ешкімге зиян келтірмеу және таһаратын бұзбау шартымен беріледі.