brightness_1
Ақшам намазы парызының алдында екі ракағат намаз оқу.
Абдулла ибн Муғаффәл әл-Музанидің хадисінде, ол: «Пайғамбар : «Ақшам намазының /парызының/ алдында намаз оқыңдар», - деді, және үшінші рет қайталап жатқанында: «кім қаласа», - деп, адамдар бұл амалды /рәуәтиб/ сүннет намазы ретінде алмаулары үшін қосты», - деді (әл-Бұхари, 1183).
- Сондай-ақ, әрбір азан мен қамат арасында екі ракағат намаз оқу – сүннет амалдарынан.
Бұл екі ракағат таң намазының /парызының/ алдындағы немесе бесін намазының алдындағы екі ракағат «рәуәтиб» сүннеттері болса да бола алады. Себебі, мына сүннетті орындауға оларды оқыған жеткілікті. Немесе, мешітте отырған кезінде екінті немесе құптан намазына азан шақырылса, сүннет бойынша, тұрып екі ракағат намаз оқығаны жөн.
Бұл жөнінде:
Абдулла ибн Муғаффал әл-Музанидің хадисінде, ол: «Алла елшісі былай деді: «Әрбір екі азан арасында – намаз». Және бұл сөздерді үшінші рет қайталап жатқанында: «кім қаласа», - деген сөздерді қосты», - деді (әл-Бұхари, 624; Муслим, 838).
Ақшам намазының /парызының/ алдындағы немесе екі азан арасындағы екі ракағат намаз – «рәуәтиб» сүннеттері секілді бекітілген сүннеттерге жатпайтынында күмән жоқ. Оларды әрдайым оқымай, кей-кезде тастап кетуге болады. Сол себепті, пайғамбар үшінші рет қайталап жатқанында «кім қаласа» деген сөздерді қосқан. Бұл амалды адамдар /бекітілген/ сүннет ретінде қабылдамаулары үшін.