Сүннет бойынша, ақшам намазы кіргенде балаларды далаға шығармау.
Адам бұл екі сүннетті ұстанса шайтандар мен жындардан қорғау табады. Ақшам намазы кірген уақытта балаларын далаға шығармаса, ол уақытта жер бетінде таралатын жындар мен шайтандардан сақтап қалады. Тура сол секілді, есікті де Алланың атымен жабатын болса, үйлерін шайтандардан сақтайды. Қаншама бала және қаншама үй дәл осы уақытта шайтандардан зардап шеккен?! Исламның біздің үйлерімізге және балаларымызға деген қамқорлығы қандай керемет!
Бұл жөнінде:
Жәбір ибн Абдулла /ол екеуіне Алла разы болсын/ хадисінде, ол: «Алла елшісі былай деді: «Түн басталса немесе кеш батқан кезде балаларыңды /қастарыңда/ ұстаңдар. Шын мәнінде, шайтандар осы уақытта таралады. Одан біраз уақыт өткеннен кейін оларды /балаларыңды/ жібере аласыңдар. Және Алланың атын атап есіктеріңді жабыңдар. Ақиқатында, шайтандар жабық тұрған есікті аша алмайды!» (әл-Бұхари, 3304; Муслим, 2012).
Ақшам намазы кірген кезде балаларды далаға шығармау және есіктерді жабу – мұстахаб болып табылады («Фәтәуә әл-ләжнә әд-дәимә» 26/317).
Сүннет бойынша, ақшам намазы кіргенде Алланың атын атап үйдің есіктерін жабу.

Ақшам намазы парызының алдында екі ракағат намаз оқу.
Абдулла ибн Муғаффәл әл-Музанидің хадисінде, ол: «Пайғамбар : «Ақшам намазының /парызының/ алдында намаз оқыңдар», - деді, және үшінші рет қайталап жатқанында: «кім қаласа», - деп, адамдар бұл амалды /рәуәтиб/ сүннет намазы ретінде алмаулары үшін қосты», - деді (әл-Бұхари, 1183).
- Сондай-ақ, әрбір азан мен қамат арасында екі ракағат намаз оқу – сүннет амалдарынан.
Бұл екі ракағат таң намазының /парызының/ алдындағы немесе бесін намазының алдындағы екі ракағат «рәуәтиб» сүннеттері болса да бола алады. Себебі, мына сүннетті орындауға оларды оқыған жеткілікті. Немесе, мешітте отырған кезінде екінті немесе құптан намазына азан шақырылса, сүннет бойынша, тұрып екі ракағат намаз оқығаны жөн.
Бұл жөнінде:
Абдулла ибн Муғаффал әл-Музанидің хадисінде, ол: «Алла елшісі былай деді: «Әрбір екі азан арасында – намаз». Және бұл сөздерді үшінші рет қайталап жатқанында: «кім қаласа», - деген сөздерді қосты», - деді (әл-Бұхари, 624; Муслим, 838).
Ақшам намазының /парызының/ алдындағы немесе екі азан арасындағы екі ракағат намаз – «рәуәтиб» сүннеттері секілді бекітілген сүннеттерге жатпайтынында күмән жоқ. Оларды әрдайым оқымай, кей-кезде тастап кетуге болады. Сол себепті, пайғамбар үшінші рет қайталап жатқанында «кім қаласа» деген сөздерді қосқан. Бұл амалды адамдар /бекітілген/ сүннет ретінде қабылдамаулары үшін.
Құптан намазының алдында ұйықтау – мәкруһ.
Әбу Барза әл-Әсләмидің хадисінде, ол: «Пайғамбар құптан намазын кешіктіруді мұстахаб, құптанның алдында ұйқыны мәкруһ, және одан кейін біреумен сөйлескенді мәкруһ деп көретін», - деді (әл-Бұхари, 599; Муслим, 647).
Құптан намазының алдында ұйықтаудың мәкруһ болған себебі: адам қатты ұйқысы үшін құптан намазына тұра алмай, оны қаза қылып алу мүмкіндігінде.
Хабарласу
Бізбен
Хабараласуыңызды және сауалдарыңызды кез-келген уақытта қабылдауға қуаныштымыз