brightness_1
Сүннет бойынша, күн ыстығы қатты қызып жатса, намазды күннің салқындаған уақытына дейін кешіктіру.
Бұл жөнінде:
Әбу Һурайраның хадисінде: «Күннің ыстығы тым қатты болса, намазды кешіктіріңдер. Шын мәнінде, /күннің/ ыстығы тозақтың лебізінен болады», - деп айтылған (әл-Бұхари, 533,534; Муслим, 615).
Шейх Ибн Усеймин /оған Алланың рахыметі болсын/: «Егер бесін намазының уақыты жазды күні сағат он екілерде кіреді деп санасақ, ал екінті намазы шамамен сағат төрт жарымда болса, онда бесін намазды сағат төртке дейін кешіктіруге болады /күн салқындағанша дейін/», - деді («Әл-Мумтиъ» 2/104).
Дұрыс пікір бойынша, күннің ыстығында намазды кешіктіру – жамағатқа, жеке оқитын кісіге және әйелдерге жалпы үкім болып табылады. Және осы пікірді шейх Ибн Усеймин /оған Алланың рахыметі болсын/ таңдаған. Әбу Һурайраның хадисінде үкім жалпы түрде айтылғаны үшін, жоғары аталғандардың барлығына да күн ыстық болып тұрғанда намазды кешіктіру – сүннет болады.