Бесін парызының алдында және одан кейін оқылатын сүннет намаздарын оқу.
«Рауатиб» сүннет намаздары тақырыбында айтып кеткеніміздей, бесін парызының алдында төрт ракағат, ал одан кейін екі ракағат сүннет намаздары оқылады. Бұл жөнінде Аиша, Умму Хабиба аналарымыздың және Ибн Омардың хадистерінде айтылған.
Умму Хабиба былай деді: «Мен Алла елшісінің былай деп айтқанын естідім: «Кімде-кім күні мен түнінде он екі ракағат оқыса, сол үшін оған жәннатта үй салынады» (Муслим, 728; және әт-Тирмизи осы хадисті риуаят етіп, «Бесін намазының алдында төрт, және одан кейін екі ракағат, ақшам намазынан кейін екі ракағат, құптан намазынан кейін екі ракағат және таң намазының алдында екі ракағат» деген пайғамбардың сөздерін әкелді, (әт-Тирмизи, 415) және хадисті «жақсы әрі сенімді» деді).
Сүннет бойынша, бесін парызының бірінші ракағатын ұзақ оқу.
Әбу Саъид әл-Худридің хадисінде, ол: «Бесін намазы басталғанда, біреуіміз өзінің қажеттіліктерін өтеу үшін «әл-Бақиъ» зиратына барып, одан кейін таһаратын алып намаз оқуға келгенінде, Алла елшісі әлі бірінші ракағатын оқып тұратын еді. Оны соншалық ұзартып оқитын», - деді (Муслим, 454).
Сөйтіп, бесін парызының бірінші ракағатын ұзақ оқу мешіттегі имамға да, жеке оқып жатқан адамға да, тіпті әйелге де сүннет болып табылады. Өкінішке орай, бұл амал – ұмытылған сүннетердің қатарында. Пайғамбар сүннетіне ұмтылып, оны кәміл түрде орындауымызды мүмкін етуді Алладан сұраймыз!
Сүннет бойынша, күн ыстығы қатты қызып жатса, намазды күннің салқындаған уақытына дейін кешіктіру.
Бұл жөнінде:
Әбу Һурайраның хадисінде: «Күннің ыстығы тым қатты болса, намазды кешіктіріңдер. Шын мәнінде, /күннің/ ыстығы тозақтың лебізінен болады», - деп айтылған (әл-Бұхари, 533,534; Муслим, 615).
Шейх Ибн Усеймин /оған Алланың рахыметі болсын/: «Егер бесін намазының уақыты жазды күні сағат он екілерде кіреді деп санасақ, ал екінті намазы шамамен сағат төрт жарымда болса, онда бесін намазды сағат төртке дейін кешіктіруге болады /күн салқындағанша дейін/», - деді («Әл-Мумтиъ» 2/104).
Дұрыс пікір бойынша, күннің ыстығында намазды кешіктіру – жамағатқа, жеке оқитын кісіге және әйелдерге жалпы үкім болып табылады. Және осы пікірді шейх Ибн Усеймин /оған Алланың рахыметі болсын/ таңдаған. Әбу Һурайраның хадисінде үкім жалпы түрде айтылғаны үшін, жоғары аталғандардың барлығына да күн ыстық болып тұрғанда намазды кешіктіру – сүннет болады.
Хабарласу
Бізбен
Хабараласуыңызды және сауалдарыңызды кез-келген уақытта қабылдауға қуаныштымыз