languageIcon
search
search

1 Рет

brightness_1

أَصْبَحْنَا وَأَصْبَحَ الْمُلْكُ لِلَّهِ، وَالْحَمْدُ لِلَّهِ لاَ إِلَهَ إِلاَّ اللَّهُ وَحْدَهُ لاَ شَرِيكَ لَهُ، اللهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ مِنْ خَيْرِ مَا فِي هَذَا الْيَوم وَخَيْر مَا بعدِه، وَأَعُوذُ بِك مِنْ شَرِّ مَا فِي هَذا اليَوم وَشَر مَا بَعْدِه، اللهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنَ الْكَسَلِ،  وَالْهَرَمِ، وَسُوءِ الْكِبَرِ، وَفِتْنَةِ الدُّنْيَا، وَعَذَابِ الْقَبْرِ

«Біз күн батырдық, әрі осы кеште бүкіл үстемдік Аллаға тән. Барлық мақтау-мадақтар Аллаға лайық, Алладан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Ол Жалғыз, әрі Оның серігі жоқ. Уа, Алла! Мен Сенен осы түндегі жақсылықты сұраймын, әрі осы түндегі жамандықтардан сақтауыңды тілеймін. Уа, Алла! Мен жалқаулықтан әрі қаусап қартаюдан, дүние бүлігінен және қабір азабынан Өзіңе сиынамын!» (Әмсәйнә уә әмсәл мульку ли-Лләһи, уәлхамду ли-Лләһи, лә иләһа иллә-Ллаһу уәхдәһу лә шәрикә ләһу. Аллаһуммә, инни әс-әлукә мин хайри һәзиһи-л-ләйләти уә хайри мә фиһа, уә аъузу бикә мин шәрриһа уә шәрри ма фиһа. Аллаһуммә, инни, әъузу бикә минәл-кәсәли, уәл-һарами, уә су-ил-кибәри,  уә фитнәтид-дунья,  уә ъазәби-л-қабр). Ал, таңертең былай дейді: «Біз таң атырдық, әрі осы таңда бүкіл үстемдік Аллаға тән... Мен Сенен осы күнгі және одан кейінгі жақсылықты сұраймын, әрі осы күнгі және одан кейінгі жамандықтан сақтауыңды тілеймін...» (Асбахнә уә асбәхәл-мулку ли-Лләһи, уәлхамду ли-Лләһи, лә иләһа иллә-Ллаһу уәхдәһу лә шәрикә ләһу. Аллаһуммә, инни, әс-әлукә мин хайри мә фи һәзәл йәуми уә хайри мә бәъдиһи, уә әъузу бика мин шәрри мә фи һәзәл йауми уә шәрри ма бәъдиһи. Аллаһуммә, инни, әъузу бикә минәл-кәсәли, уәл-һарами, уә су-ил-кибәри,  уә фитнәтид-дунья,  уә ъазәби-л-қабр) (Муслим, 2723).

.......

1 Рет

brightness_1

اللَّهُمَّ أَنْتَ رَبِّي لَا إِلَهَ إِلَّا أَنْتَ خَلَقْتَنِي، وَأَنَا عَبْدُكَ,وَأَنَا عَلَى عَهْدِكَ وَوَعْدِكَ مَا اسْتَطَعْتُ، أَعُوذُ بِكَ مِنْ شَرِّ مَا صَنَعْتُ, أَبُوءُ لَكَ بِنِعْمَتِكَ عَلَيَّ، وَأَبُوءُ لَكَ بِذَنْبِي فَاغْفِرْ لِي فَإِنَّهُ لَا يَغْفِرُ الذُّنُوبَ إِلَّا أَنْتَ

Кешірім сұрау сөздердің төресі (сайидуль-истиғфар): «Уа, Алла! Сен менің Раббымсың, Сенен басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Сен мені жараттың, ал мен Сенің құлыңмын. Meн күш-құдіретім жеткенше Саған деген уәдемді, әрі сертімді сақтаймын. Әрі жасаған істерімнің жамандығынан Өзіңе сиынамын. Маған берген нығметтеріңді мойындаймын, әрі күнәларымды да мойындаймын. Мені жарылқай гөр! Шын мәнінде, Сенен өзге күнәларды жарылқаушы ешкім жоқ» (Аллаһуммә, Әнтә Рабби, лә иләһа иллә Әнтә, халәқтәни уә әнә ъабдукә, уә әнә ъалә ъаһдикә уә уәъдикә мә-стәтаъту, әъузу бикә мин шәрри мә санәъту әбу-у ләкә би-ниъмәтикә ъәләййа уә әбу-у би-занби, фәғфир ли, фә иннәһу лә яғфиру-з-зунубә иллә Әнта).

Алла елшісі ﷺ: «Кім /осы сөздерді/ күндіз  айтатын болса, әрі өзінің айтып жатқан сөздеріне кәміл сенсе, және сол күні кеш батқанға дейін қайтыс болса, сол Жәннат тұрғындарының арасында болады. Ал кім өзінің айтқан сөздеріне кәміл сенген күйде /осы сөздерді/ түнде айтатын болса, әрі таң атқанға дейін қайтыс болса, сол Жәннат тұрғындарының арасында болады», - деді (әл-Бұхари, 6306).

.......

1 Рет

brightness_1

اللَّهُمَّ فَاطِرَ السَّمَوَاتِ وَالْأَرْضِ، عَالِمَ الْغَيْبِ وَالشَّهَادَةِ، لَا إِلَهَ إِلَّا أَنْتَ رَبَّ كُلِّ شَيْءٍ وَمَلِيكَهُ، أَعُوذُ بِكَ مِنْ شَرِّ نَفْسِي وَمِنْ شَرِّ الشَّيْطَانِ وَشِرْكِهِ، وَأَنْ أَقْتَرِفَ عَلَى نَفْسِي سُوءًا، أَوْ أَجُرَّهُ إِلَى مُسْلِمٍ

«Уа, Алла, көктер мен жердің Жаратушысы, көмес пен көрнеуді Білуші,  Сенен басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ, барлық нәрселердің Раббысы әрі Патшасы! Өз нәпсімнің кесірінен әрі шайтанның жамандығы мен көпқұдайшылығынан Өзіңе сиынамын. Әрі өзіме немесе басқа бір мұсылманға жамандық жасап қоюдан Өзіңе сиынамын» (Аллаһуммә, Фәтира-с-сәмәуәти уәл-арды, Ъалимәл-ғайби уә-ш-шәһәдәти, лә иләһа иллә Әнтә, Раббә кулли шәй-ин уә Мәликәһу, әъузу бикә мин шәрри нәфси, уә мин шәрри-ш-шәйтани уә ширкиһи, уә ән әқтәрифә ъалә нәфси су-ән әу әжурра-һу илә муслимин). Пайғамбар: «Мына сөздерді таңертең, кешке және ұйықтар алдында /төсегіңе жатқаныңда/ оқы», - деді (Ахмад, 6597; Әбу Дәуіт, 5076; әт-Тирмизи, 3529; ән-Нәсәи, 7699; иснәдін Ибн Баз сенімді деді /оған Алланың рахыметі болсын/.

.......

1 Рет

brightness_1

اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ الْعَافِيَةَ فِي الدُّنْيَا وَالْآخِرَةِ، اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ الْعَفْوَ وَالْعَافِيَةَ فِي دِينِي وَدُنْيَايَ، وَأَهْلِي وَمَالِي، اللَّهُمَّ اسْتُرْ عَوْرَاتِي، وَآمِنْ رَوْعَاتِي، اللَّهُمَّ احْفَظْنِي مِنْ بَيْنِ يَدَيَّ وَمِنْ خَلْفِي، وَعَنْ يَمِينِي وَعَنْ شِمَالِي، وَمِنْ فَوْقِي، وَأَعُوذُ بِعَظَمَتِكَ أَنْ أُغْتَالَ مِنْ تَحْتِي

«Уа, Алла! Мен Сенен дүние мен Ақыретте есен-амандықты тілеймін. Уа, Алла! Мен Сенен дінімде, тұрмыс-тіршілігімде, жанұям мен мал-мүлкімде жарылқау мен есен-амандық тілеймін. Уа, Алла! Менің ұятты жерлерімді жасыр, мені корқыныштан аман ет. Уа, Алла! Мені алдымнан да, артымнан да, оң жағымнан да, сол жағымнан да, және төбемнен де Өзің қорғай гөр! Сондай-ақ, маған /аяқ/ астымнан да қиянат жасалып, өлтірілуімнен Сенің ұлылығыңа сиынамын!» (Аллаһуммә, инни әс-әлукә-л-ъафиятә фи-д-дунйа уә-л-әхираһ, Аллаһуммә, инни әс-әлукә-л-ъафуа уә-л-ъафияһ: фи дини, уә дунйа-йа, уә әһли, уә мәли. Аллаһуммә-стур ъәурати уә ә-мин рауъати. Аллаһуммә-хфазни мин бәйни ядәййа, уә мин холфи, уә ъан ями-ни, уә ъан шимәли, уә мин фәуқи, уә әъузу би-ъазомәтикә ән уғтә-лә мин тәхти) (Ахмад «әл-Муснад», 4785; Әбу Дәуіт, 5074; ән-Нәсәи «әл-Кубра», 10401; Ибн Мәжәһ, 3871; әл-Хәким хадисті сенімді деді).

.......

1 Рет

brightness_1

أَصْبَحْنَا عَلَى فِطْرَةِ الْإِسْلَامِ، وَكَلِمَةِ الْإِخْلَاصِ، وَدِينِ نَبِيِّنَا مُحَمَّدٍ - صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ - وَمِلَّةِ أَبِينَا إِبْرَاهِيمَ حَنِيفًا, وَمَا كَانَ مِنْ الْمُشْرِكِينَ

Алла елшісі ﷺ таңертең былай деп айтатын еді: «Біз Ислам аясында, ықылас сөзіне сәйкес, пайғамбарымыз Мухаммад, оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын, әкелген дінін ұстанып, сондай-ақ атамыз Ибраһимнің миллетін ұстанып таң атырдық. Ол /Ибраһим/ ханиф еді, әрі мүшриктерден емес еді» (Асбахнә ъалә фитратил-Исләми уә ъалә кәлимәтил-ихлас, уә ъалә дини нәбиийнә Мухаммәдин, саллә-Ллаһу ъаләйһи уә сәлләм, уә ъалә милләти әби-нә Ибраһима ханифән. Уә мә кәнә минәл-мушрикин) (Ахмад, 15367,21144;), ал кешке қарай: «Біз Ислам аясында, ықылас сөзіне сәйкес, пайғамбарымыз Мухаммад, оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын, әкелген дінін ұстанып, сондай-ақ атамыз Ибраһимнің миллетін ұстанып кеш батырдық. Ол /Ибраһим/ ханиф еді, әрі мүшриктерден емес еді» (Әмсәйнә ъалә фитратил-Исләми уә ъалә кәлимәтил-ихлас, уә ъалә дини нәбиийнә Мухаммәдин, саллә-Ллаһу ъаләйһи уә сәлләм, уә ъалә милләти әби-нә Ибраһима ханифән. Уә мә кәнә минәл-мушрикин) дейтін еді (хадистің иснәдін Ибн Баз /оған Алланың рахыметі болсын/ сенімді деді).

.......