Сүннетке сәйкес, есінеуді басуға тырысу керек, ал егер есінеуді тоқтата алмаса, аузын қолмен жабуы керек.
Әбу Һурайраның хадисінде, ол былай деді: «Пайғамбар : «Алла Тағала түшкіргенді жақсы көреді, бірақ есінеуді жақсы көрмейді. Егер адам түшкірсе Аллаға мақтаулар айтады, және бұны естіген мұсылмандардың барлығына оған дұға жасау міндет болады. Ал, есінеу болса, негізінде, ол шайтаннан. Кім есінеуді баса алса, олай істесін. Себебі, «һаа» деп есінеген кезде шайтан оған күледі», - деді» (әл-Бұхари, 2663).
Сондай-ақ, Муслимде келген Әбу Саъидтің хадисінде пайғамбар : «Біреулерің есінеген кездеріңде, аузын қолымен жапсын. Расында, /ол арқылы/ шайтан кіреді», - деді (Муслим, 2995). Есінеуді басу – ауызды ашпау арқылы, немесе адам еріндерін тістерімен қысып ұстау арқылы, немесе аузын қолымен жабуы арқылы және т.с. тәсілдермен болады.
Есінеуші есінеген кезде «һаа» немесе «ааһ» және соларға ұқсас есінеген кезде шығатын дыбыстарды шығармағаны абзал.
- Сонымен қатар, есінеуші есінеген кезде «һаа» немесе «ааһ» және соларға ұқсас есінеген кезде шығатын дыбыстарды шығармағаны абзал. Себебі, бұл дыбыстар шайтанның адамға күлуіне себеп болуы мүмкін.
Бұл жөнінде:
Әбу Һурайраның хадисінде, ол былай деді: «Пайғамбар : «Есінеу – шайтаннан. Кім есінеуді баса алса, олай істесін. Себебі, «һаа» деп есінеген кезде шайтан оған күледі», - деді» (әл-Бұхари, 3298, Муслим, 2994).
Ескерту
Кейбір адамдар есінеуден кейін шайтаннан Алладан пана сұрауды әдет қылып алды. Алайда, ондай амалға ешқандай дәлел жоқ, керісінше, пайғамбардың жолына қайшы болып тұр. Себебі, олар пайғамбар бұл жағдайда айтпаған нәрсені айтады.
Хабарласу
Бізбен
Хабараласуыңызды және сауалдарыңызды кез-келген уақытта қабылдауға қуаныштымыз