1 Рет
اللَّهُ لَا إِلَهَ إِلَّا هُوَ الْحَيُّ الْقَيُّومُ لَا تَأْخُذُهُ سِنَةٌ وَلَا نَوْمٌ لَهُ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَمَا فِي الْأَرْضِ مَنْ ذَا الَّذِي يَشْفَعُ عِنْدَهُ إِلَّا بِإِذْنِهِ يَعْلَمُ مَا بَيْنَ أَيْدِيهِمْ وَمَا خَلْفَهُمْ وَلَا يُحِيطُونَ بِشَيْءٍ مِنْ عِلْمِهِ إِلَّا بِمَا شَاءَ وَسِعَ كُرْسِيُّهُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ وَلَا يَئُودُهُ حِفْظُهُمَا وَهُوَ الْعَلِيُّ الْعَظِيمُ
Сүннет бойынша, ұйықтар алдында аят әл-Күрсиді оқу қажет. Мұсылман адам ол ісімен таң атқанша дейін өзін шайтандардан сақтай алады.
Бұған Әбу Һурайра және зекеттен ұрлаған ұры туралы қисса дәлел бола алады. Ол қиссада: «Әбу Һурайра былай деді: «Алла елшісі менен: «Сенің тұтқының кеше не істеді?» - деп сұрады. Мен: «Уа, Алла елшісі, ол Алла Тағала маған пайдалы қылатын сөздерді үйретемін деді, сөйтіп, мен оны жібере салдым», - дедім. Ол: «Ол қандай сөздер?» - деді. Мен: «Ол маған төсекке жатарда аят әл-Күрсиді басынан аяғына дейін оқы деді: {Алла – Одан басқа ешбір құдай жоқ. Ол – әл-Хаий /Тірі/, әл-Қаййум /бәріне тіршілік беріп Басқарушы/...}. Және де ол маған, таң атқанша сенімен бірге Алладан келген сақтаушы болады және шайтан қасыңа жоламайтын болады, деді», - дедім. Сонда пайғамбар : «Расында, ол қандай өтірікші болса да, саған шындықты айтты. Үш түн бойы сөйлесіп жүргеніңнің кім екенін білесің ба, уа, Әбу Һурайра?» - деп сұрады. Мен: «Жоқ», - дедім. Пайғамбар : «Ол – шайтан», - деді» (әл-Бұхари, 2311; ән-Нәсәи «әс-Сунан әл-кубра», 10795).
1 Рет
Әбу Саъид әл-Ансаридің хадисінде, ол: «Алла елшісі былай деді: «Кімде-кім Бақара сүресінің соңғы екі аятын түнінде оқыса, олар оған жеткілікті болады»» (әл-Бұхари, 4008; Муслим, 807). Бірақ, Бақара сүресінің соңғы екі аяты – ұйықтар алдында оқылатын арнайы зікірлерге жатпайды. Негізінде, олар түнде оқылатын зікірлерге жатады. Кімде-кім оларды түнде оқымай, ұйықтар алдында есіне түсірсе, онда оларды оқуына болады.
«...олар оған жеткілікті болады» сөздерінде бірнеше пікір бар.
«Түнгі намазды оқымау үшін жеткілікті болады» делінді, және «шайтаннан қорғаныс ретінде жеткілікті болады» деп те айтылды.
Және «апаттардан жеткілікті болады» деген де сөз бар. Бірақ, Нәуәуи /оған Алланың рахыметі болсын/ айтқандай, бұл сөздер жоғарыда айтылғанның барлығын да қамтиды. (Нәуәуидің Муслимге жасаған түсіндірмесін қара, 808 хадис, «Фатиха сүресінің және Бақара сүресінің соңғы екі аяттарының артықшылықтары» тарауы)
3 Рет
Бұл жөнінде:
Аиша анамыздың, Алла оған разы болсын, хадисінде: «/Алла елшісі/ әр түн сайын төсегіне жатарда екі қолын бірге ұстап /жайып/ оларға үрлеп, {Айт: «Ол, Алла - Жалғыз}, {Айт: «Таңның Раббысына сиынып, қорғауын тілеймін}, {Айт: «Адамдардың Раббысына сиынып, қорғауын тілеймін} сүрелерін оқитын. Одан кейін, алақандарымен денесінің қай жеріне жете алатындай, басы мен бетінен бастап, денесінің алдыңғы жағын үш рет сүртетін еді», - деп хабарланады (әл-Бұхари, 5017).
Хадистен алынатын пайдалы мағлұматтар: Аиша анамыздың, Алла оған разы болсын, «әр түн сайын» деп айтуынша, пайғамбарымыз
бұл сүннетті әрбір түн сайын жасап отырды. Ал, егер кімде-кім осы сүннетті орындағысы келсе, қолдарын біріктіріп жайып Ықылас пен пана сұрау /Фалақ, Нас/ сүрелерімен үрлеп, одан кейін басы мен бетінен бастап, денесінің қай жеріне қолы жеткенше дейін үш рет сипап-сүртеді.
1 Рет
اللَّهُمَّ خَلَقْتَ نَفْسِي وَأَنْتَ تَوَفَّاهَا، لَكَ مَمَاتُهَا وَمَحْيَاهَا، إِنْ أَحْيَيْتَهَا فَاحْفَظْهَا، وَإِنْ أَمَتَّهَا فَاغْفِرْ لَهَا، اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ الْعَافِيَةَ
«Уа, Алла! Сен менің жанымды жараттың, әрі оны Сен аласың. Оның өлуі мен тірі болуы Сенің қолыңда. Егер оған қайта өмір берсең, оны қорғай гөр, ал егер оған өлім берсең, оны жарылқай гөр. Уа, Алла! Расында, мен Сенен кешіріміңді сұраймын!» (Аллаһуммә, халәқтә нәфси уә Әнтә тәуәффә-һә, ләкә мәмәту-һә уә мәхйә-һә. Ин ахйяйтә-һә, фәхфәз-һә, уә ин әмәттә-һә, фәғфир ләһә. Аллаһуммә, инни әс-әлукәл ъафияһ) (Муслим, 2712).
1 Рет
اللَّهُمَّ رَبَّ السَّمَاوَاتِ وَرَبَّ الأَرْضِ وَرَبَّ الْعَرْشِ الْعَظِيمِ، رَبَّنَا وَرَبَّ كُلِّ شَيْءٍ، فَالِقَ الْحَبِّ وَالنَّوَى، وَمُنْزِلَ التَّوْرَاةِ وَالإِنْجِيلِ وَالْفُرْقَانِ، أَعُوذُ بِكَ مِنْ شَرِّ كُلِّ شَيْءٍ أَنْتَ آخِذٌ بِنَاصِيَتِهِ، اللَّهُمَّ أَنْتَ الأَوَّلُ فَلَيْسَ قَبْلَكَ شَيْءٌ ، وَأَنْتَ الآخِرُ فَلَيْسَ بَعْدَكَ شَيْءٌ، وَأَنْتَ الظَّاهِرُ فَلَيْسَ فَوْقَكَ شَيْءٌ، وَأَنْتَ الْبَاطِنُ فَلَيْسَ دُونَكَ شَيْءٌ، اقْضِعَنَّا الدَّيْنَ وَأَغْنِنَا مِنَ الْفَقْرِ
«Уа, Алла! Көктердің және жердің Раббысы, әрі ұлы Аршының Раббысы. Біздің Раббымыз және барлық нәрселердің Раббысы, дән мен дәнекті Жарушы, Тауратты, Інжілді және Ажыратушыны /Құранды/ түсіруші. Барлық нәрселердің кесірінен Өзіңе сиынамын, өйткені бүкіл нәрсе Саған бағынышты. Уа, Алла! Сен Әуелгісің, өйткені Сенен бұрын еш нәрсе болмаған, Сен Ақырғысың, өйткені Сенен кейін еш нәрсе болмақ емес. Сен Көрнеусің, Сенің үстіңде еш нәрсе жоқ, Сен Жақынсың (Білушісің), Сенен жақын еш нәрсе жоқ. Бізді қарыздарымыздан құтқар, әрі бізді кедейліктен құтқар!» (Аллаһуммә, Раббә-с-сәмәуәти уә Раббә-л-арды, уә Раббә-л-ъаршил ъазыйми, Раббәнә уә Раббә кулли шәй-ин, Фәлиқа-л-хабби уә-н-нәуа, уә мунзилә-т-Тәурати, уә-л-Инжили, уә-л-Фурқани, әъузу бикә мин шәрри кулли шәй-ин Әнтә әхызун би-нәсыйятиһи. Аллаһуммә, Әнтә-л-Әууәлу фә ләйсә қабләкә шәйун, уә Әнтә-л-Әхиру фә ләйсә бәъдәкә шәйун, уә Әнтә-з-Зahиpy фә ләйсә фәуқакә шәйун, уә Әнтә-л-Бәтыну фә ләйсә дунәкә шәйун, ақды ъаннә-д-дәйнә уә әғнинә минәл-фәқр)(Муслим, 2713).
1 Рет
بِاسْمِكَ رَبِّ وَضَعْتُ جَنْبِي وَبِكَ أَرْفَعُهُ إِنْ أَمْسَكْتَ نَفْسِي فَارْحَمْهَا وَإِنْ أَرْسَلْتَهَا فَاحْفَظْهَا بِمَا تَحْفَظُ بِهِ عِبَادَكَ الصَّالِحِينَ
«Сенің есіміңмен, уа, Раббым, /оң/ қырыммен жаттым, әрі Сенің есіміңмен тұрамын. Егер менің жанымды алатын болсаң, оған рахым ете гөр. Егер оны /маған/ қайтаратын болсаң, оны ізгі пенделеріңді /жамандықтан/ сақтағаныңдай сақтай гөр» (Би-смикә, Рабби, уәдаъту жәнби уә бикә әрфәъуһу, ин әмсәктә нәфси, фәрхамһә, уә ин әрсәлтәһә, фахфәзһә бимә тәхфәзу биһи ъибәдәкә-с-салихин) (әл-Бұхари, 6302; Муслим, 2714).
1 Рет
الْحَمْدُ للّهِ الَّذِي أَطْعَمَنَا وَسَقَانَا، وَكَفَانَا وَآوَانَا، فَكَمْ مِمَّنْ لاَ كَافِيَ لَهُ وَلاَ مُؤْوِي
«Бізді тамақтандырған және сусындандырған, сондай-ақ бізді қорғап, бізге баспана берген Аллаға мақтаулар болсын. Өйткені қорғаушысы мен баспана берушісі жоқтар қаншама!» (Әлхамду ли-Лләһи-лләзи ат-ъаманә уә сәқанә уә кәфәнә уә әуәнә, фә кәм миммән лә кәфия ләһу уә лә му'уия) Әнәстің хадисінен алынған: «Алла елшісі төсегіне жатқанда «Бізді тамақтандырған...» сөздерін айтатын еді» (Муслим, 2715).
100 Рет
سبحان الله (33)، الحمد لله (33)، الله أكبر (34)
«Алла кемшілік атаулыдан Пәк» (СубханаЛлаһ) (33 рет), «барлық мақтау-мадақтар Аллаға тән» (Әлхамдули-Лляһ) (33 рет), «Алла Ұлы» (Аллаһу Әкбар) (34 рет) айту.
«Алла кемшілік атаулыдан Пәк» (СубханаЛлаһ) (33 рет), «барлық мақтау-мадақтар Аллаға тән» (Әлхамдули-Лляһ) (33 рет), «Алла Ұлы» (Аллаһу Әкбар) (34 рет) ұйықтар алдында айту – сүннет болып табылады. Бұл сөздерді айтудың артықшылығы өте үлкен. Егер мұсылман адам ұйықтар алдында жоғарыда айтылғандай істесе – күні бойы денесіне күш беріледі.
Бұл жөнінде мына хадисте айтылған: Әлидің хадисінде: «Бірде Фатыма оның қол диірмені оны шаршататынын айтты. Ол күндері пайғамбарға тұтқынға түскендерді алып келген болатын. Сонда Фатыма әкесінің үйіне келді, бірақ, оны таба алмай Аишаны кездестіріп оған мән-жайын айтып берді. Ал пайғамбар үйіне оралғанда Аиша оған Фатыманың келгені туралы хабарлады. Сонда пайғамбар ұйқыға жатып қалған кезімізде келді. Енді тұрайын деп жатқанымызда ол: «Орындарыңда қалыңдар», - деді. Сосын арамызда солай отырды, мен кеудеммен ол кісінің салқын табандарын сездім, одан кейін: «Сендер сұрағаннан қайырлы нәрсені сендерге үйретейін бе? Ұйықтар алдында Алла Тағаланы отыз төрт рет ұлықтаңдар («Алла Ұлық» (Аллаһу Әкбар) сөздерімен), отыз үш рет Оны пәктеңдер («Алла пәк» (Субхана-Ллаһ) сөздерімен), және отыз үш рет Оған мақтау-мадақ айтыңдар («Бүкіл мақтау-мадақ Аллаға ғана тән» (Әл-хамду-ли-Лляһ) сөздерімен). Бұл сендерге қызметшіден жақсы болады!», - деді (әл-Бұхари, 3705; Муслим, 2727).
Ал хадистің тағы бір риуаятында Әлидың былай дегені келтіріледі: «Бұны пайғамбардан естігенімнен бері тастаған жоқпын». Одан біреу: «Сыффин түнінде де?» - деп сұрады. Әли : «Сыффин түні де тастағаным жоқ», - деді (әл-Бұхари, 5362; Муслим, 2727).
1 Рет
اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْلَمْتُ وَجْهِي إِلَيْكَ، وَفَوَّضْتُ أَمْرِي إِلَيْكَ، وَأَلْجَأْتُ ظَهْرِي إِلَيْكَ، رَغْبَةً وَرَهْبَةً إِلَيْكَ. لاَ مَلْجَأَ وَلاَ مَنْجَا مِنْكَ إِلاَّ إِلَيْكَ، آمَنْتُ بِكِتَابِكَ الَّذِي أَنْزَلْتَ، وَبِنَبِيِّكَ الَّذِي أَرْسَلْتَ
«Уа, Алла! Жүзімді Саған қараттым, және ісімді Өзіңе тапсырдым, өз қалауыммен әрі Өзіңнен қорқып, Саған өзімді тапсырдым. Сенің Өзіңе ғана жүгінусіз Сенен пана да, құтылу да табу мүмкін емес. Мен Сенің түсірген Кітабыңа әрі жіберген пайғамбарыңа иман келтірдім» (Аллаһуммә, инни әсләмту уәжһи иләйка, уә фәууәдту әмри иләйкә, уә әлжә‘ту заһри иләйкә рағбәтән уә раһбәтән иләйкә. Лә мәлжә-ә уә лә мәнжә минкә иллә иләйкә, әмәнту би Китәбикә-лләзи әнзәлтә уә би нәбиййикә-лләзи әрсәлта) (әл-Бұхари, 247; Муслим, 2710). Хадистің соңында пайғамбар : «Бұл сөздер соңғы сөздерің болсын. Енді, егер /сол түні/ өлсең, дүниеге келген күйіңде /яғни Исламда/ өлген боласың», - деді. Және Муслимде келген риуаятта: «Ал, егер таңертең оянып тұрсаң, жақсылыққа тұрасың», - деді.
Сондай-ақ, бұл хадисте тағы бір сүннетке сілтеме бар. Ол: жоғарыда айтылған зікірді ұйықтар алдында сөздерінің ең соңғысы ету. Бұл істің үлкен сый-жазасы бар: егер мұсылман адамның соңғы сөздері осы зікір болып, сол түні қайтыс болып кетсе, ол өзінің бастапқы күйінде /фитрасында/ өлгендерден болады. Яғни, ханиф Ибраһимнің /оған Алланың сәлемі болсын/ миллетінде, сүннетінде қайтыс болды деген сөз. Ал, егер қайтыс болмай, таңертең оянса, онда ризық-дүниесінде, амалында жақсылық тауып оянады. Хадистегі «жақсылық» сөзі: айтылып кеткен жақсылық болсын, айтылмаған жақсылық болсын, барлық «жақсылықты» қамтиды. Ал, Алла барлығын жақсы Білуші!
1 Рет
اللَّهُمَّ أَنْتَ رَبِّي لَا إِلَهَ إِلَّا أَنْتَ خَلَقْتَنِي وَأَنَا عَبْدُكَ وَأَنَا عَلَى عَهْدِكَ وَوَعْدِكَ مَا اسْتَطَعْتُ أَعُوذُ بِكَ مِنْ شَرِّ مَا صَنَعْتُ أَبُوءُ لَكَ بِنِعْمَتِكَ عَلَيَّ وَأَبُوءُ لَكَ بِذَنْبِي فَاغْفِرْ لِي فَإِنَّهُ لَا يَغْفِرُ الذُّنُوبَ إِلَّا أَنْتَ
Ұлылық әрі Даңқ Иесі Алла Тағаланың үлкен сыйына себеп болатын аса маңызды зікірге көңіл аударғымыз келеді. Ол әл-Бұхаридің «Сахих» атты хадистер жинағында келген Шаддад ибн Әустың хадисінде келтіріледі. Пайғамбар : «Кешірім сұрау сөздердің төресі (сайидуль-истиғфар) ол былай деп айтқаның: «Уа, Алла! Сен менің Раббымсың, Сенен басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Сен мені жараттың, ал мен Сенің құлыңмын. Meн күш-құдіретім жеткенше Саған деген уәдемді, әрі сертімді сақтаймын. Әрі жасаған істерімнің жамандығынан Өзіңе сиынамын. Маған берген нығметтеріңді мойындаймын, әрі күналарымды да мойындаймын. Мені жарылқай гөр! Шын мәнінде, Сенен өзге күнәларды жарылқаушы ешкім жоқ» (Аллаһуммә, Әнтә Рабби, лә иләһа иллә Әнтә, халәқтәни уә әнә ъабдукә, уә әнә ъалә ъаһдикә уә уәъдикә мә-стәтаъту, әъузу бикә мин шәрри мә санәъту әбу-у ләкә би-ниъмәтикә ъәләййа уә әбу-у би-занби, фәғфир ли, фә иннәһу лә яғфиру-з-зунубә иллә Әнта).
Алла елшісі : «Кім /осы сөздерді/ күндіз айтатын болса, әрі өзінің айтып жатқан сөздеріне кәміл сенсе, және сол күні кеш батқанға дейін қайтыс болса, сол Жәннат тұрғындарының арасында болады. Ал кім өзінің айтқан сөздеріне кәміл сенген күйде /осы сөздерді/ түнде айтатын болса, әрі таң атқанға дейін қайтыс болса, сол Жәннат тұрғындарының арасында болады», - деді (әл-Бұхари, 6306).
1 Рет
Әбу әд-Дардадан келген хабарында, ол: «Пайғамбар былай деді: «Сендердің біреулерің түнінде Құранның үштен бір бөлігін оқи ала ма?». Сонда олар: «Құранның үштен бір бөлігін қалай оқимыз?» - деп сұрады. Пайғамбар : «Айт: Ол, Алла – Жалғыз» /Ықылас сүресі/ Құранның үштен бір бөлігіне тең», - деді» (Муслим, 811; әл-Бұхари, 5015 Әбу Саъидтің хадисінен).