Құптан намазынан кейін отырыс және біреумен сөйлесу – мәкруһ болып табылады.
Әбу Барза әл-Әсләмидің жоғарыда айтылып кеткен хадисінде айтылғандай: «...құптанның алдында ұйқыны мәкруһ, және одан кейін біреумен сөйлескенді мәкруһ деп көретін». Ал, егер бір қажеттілік үшін сөйлесу керек болса, ондай сөйлесу – мәкруһ болмайды.
Құптан намазынан кейін сөйлесудің мәкруһ болғанының себебі /Ал, Алла жақсы біледі/: ұйқысы кешіктеп, таң намазын уақытында орындамау немесе таң намазының кірген уақытынан ұйықтап қалу, немесе әдеті бойынша түнгі намазға тұра алмау қауіпі болғаны үшін.
Имамға ұйып оқитын мүміндерге қиыншылық тудырмаса, құптан намазын кешіктіру абзал.
Бұл жөнінде:
Аиша анамыздың хадисінде, ол: «Бір түні пайғамбар түннің біраз уақыты өтіп, мешіттегілер ұйықтап қалған уақытқа дейін шыққан жоқ. Сосын шығып, намаз оқып, былай деді: «Бұл /құптан намазының/ нағыз уақыты. Үмметіме қиыншылық тудырмасам»», - деді (Муслим, 638).
Сондай-ақ, әйел үшін де, жамағат намазымен байланысы жоқ болғанымен, оған қиыншылық тудырмаса, құптан намазын кешіктіріп оқуы – сүннет. Сонымен қатар, сапарда жүргендегі секілді жамағат намазымен байланбаған ер адам да, сүннет бойынша, құптан намазын кешіктіріп оқиды.
Хабарласу
Бізбен
Хабараласуыңызды және сауалдарыңызды кез-келген уақытта қабылдауға қуаныштымыз