brightness_1
Сүннетке сәйкес, түшкіріп Алла Тағаланы мадақтамаған адамға ештеңе айтылмау керек.
Түшкіріп, Алла Тағаланы мадақтамаған кісіге жақсы тілектер айтудың қажеті жоқ. Керісінше, сүннет бойынша оған ештеңе айтылмауы керек. Әнәстің хадисінде айтылғандай: «Бірде, пайғамбардың қасында екі кісі түшкірген болатын. Сонда пайғамбар біріне: «Алланың саған рахымы болсын», - деп айтады, ал екіншісіне айтпайды. Сонда әлгі кісі: «Уа, Алла елшісі! Мына кісі түшкіргенде сіз оған: «Алланың саған рахымы болсын», - дедіңіз, ал мен түшкіргенімде, маған олай деген жоқсыз», - дейді. Пайғамбар : «Негізінде, ол Аллаға мақтаулар айтты. Ал, сен болсаң, Аллаға мақтаулар айтқан жоқсың», - дейді» (әл-Бұхари, 6225). Бұл пайғамбардың амалы, ал сөзіне келетін болсақ, Муслимде келген Әбу Мусаның хадисінде, ол: «Алла елшісінің былай деп айтқан сөзін естідім: «Біреулерің түшкіргеннен кейін Аллаға мақтаулар айтса, оған: «Алланың саған рахымы болсын», - деңдер. Ал, егер Аллаға мақтаулар айтпаса, оған айтпаңдар»», - деді (Муслим, 2992).
Алайда, тәрбиелеу және оқыту мақсатында, мысалы, егер әкесі баласын немесе ұстаз шәкірттерін тәрбиелейтін болса, онда: ««Аллаға мақтаулар болсын» (Әлхамду ли-Лләһ) деп айт», - деп айту керек, осылайша оған осы сүннетті үйрету болады. Мүмкін, ол олай айту сүннет екенін білмейтін шығар.
Сондай-ақ, егер адамға суық тиіп, түшкіре берсе, онда біз оған алғашқы үш рет: «Алланың саған рахымы болсын» деп айтамыз /егер ол Алланы мадақтаған болса/. Үшінші рет айтқаннан кейін бұл сөздер оған айтылмайды.
Бұл жөнінде: Әбу Дәуіттің «Сунан» хадистер жинағында келген Әбу Һурайраның хадисінде: «Бауырыңа «Алланың саған рахымы болсын» деп үш рет айт. Ал, егер үш реттен көп болса, онда оған суық тиген», - делінеді (Әбу Дәуіт, 5034; әл-Әлбани /оған Алланың рахыметі болсын/ хадис туралы «жақсы, мауқуф, марфуъ хадис» деді «Сахих Әби Дауд» 4/308).
Бұл хадисті Муслимнің «Сахих» хадистер жинағында келген Сәләмә ибн әл-Әкуәътің хадисі қуаттандырады. Хадисте ол кісі пайғамбардың қасында бір кісінің түшкіргені туралы айтады. Сонда пайғамбар түшкірген кісіге: «Алланың саған рахымы болсын», - деді. Бірақ, жаңағы кісі тағы түшкірді. Онда Алла елшісі : «Мына кісіге суық тиіпті», - деді (Муслим, 2993).
Жоғарыда айтылғандардан, екі жағдайда түшкірген кісіге дұға айтылмайды:
1. Аллаға мақтаулар айтпаса.
2. Үш реттен артық түшкірген болса. Себебі, ол кісіге суық тиген.