languageIcon
search
search
brightness_1 Екінті намазының алдында оқылатын нәпіл намаздар сүннетке жата ма?

«Рауатиб» сүннет намаздары тақырыбында айтылғандай, екінті намазының алдында ешқандай сүннет намаздары жоқ екені айтылған.

Шейхуль-ислам Ибн Теймия /оған Алланың рахыметі болсын/ бұл жөнінде былай деген: «Екінті намазының алдында оқылатын намаз туралы айтатын болсақ, пайғамбар  екінті намазының алдында намаз оқыды деп ешкім айтпаған. Айтса да, бұл хабарлар әлсіз, тіпті қате деп айтуға болады» («әл-Фәтәуә» 23/125 қара).

Дұрысы /Ал, Алла жақсы біледі/: Екінті намазының /парызына/ байланған сүннет намазы жоқ. Ал, егер біреу екінті намазының алдында екі немесе одан да көп ракағат намаз оқимын десе, тыйым салынған уақыттардан басқа уақыттарда жалпы нәпіл намаздарды оқып жүргені секілді оқи алады. Бірақ екінті намазына байлап, сүннет деп оқымайды.