1 Рет
أَسْتَغْفِرُ الله، أَسْتَغْفِرُ الله، أَسْتَغْفِرُ الله، اللَّهُمَّ أَنْتَ السَّلاَمُ وَمِنْكَ السَّلاَمُ، تَبَارَكْتَ يا ذَا الْجَلاَلِ وَالإِكْرَامِ
«Алладан кешірім сұраймын» (Астағфируллаһ) сөздерімен үш рет Алладан кешірім сұрайды, одан кейін: «Уа, Алла! Сен Мінсіз, әрі есен-амандық Сенен, уа, Ұлылық пен Құрмет Иесі, Сен Игі-Берекелісің» (Аллаһуммә, Әнтә-с-Сәләму, уә минкә-с-сәләму, тәбәрактә, йа Зәл-жәләли уәл-икрам) дейді (Саубанның хадисінен Муслим (591) риуаят етті).
1 Рет
لاَ إِلهَ إِلاَّ اللّهُ وَحْدَهُ لاَ شَرِيكَ لَهُ، لَهُ الْمُلْكُ وَلَهُ الْحَمْدُ وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ، لاَ حَوْلَ وَلاَ قُوَّةَ إِلاَّ بِاللّهِ، لاَ إِلهَ إِلاَّ اللّهُ، وَلاَ نَعْبُدُ إِلاَّ إِيَّاهُ، لَهُ النِّعْمَةُ وَلَهُ الْفَضْلُ، وَلَهُ الثَّنَاءُ الْحَسَنُ، لاَ إِلهَ إِلاَّ اللّهُ مُخْلِصِينَ لَهُ الدِّينَ، وَلَوْ كَرِهَ الْكَافِرُونَ
«Алладан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Ол Жалғыз әрі Оның серігі жоқ. Билік Оған тән, әрі барлық мақтау Оған лайық. Сондай-ақ Оның күш-құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді. Барлық күш-қуат тек Аллаға ғана тән. Алладан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Біз Одан басқа ешкімге құлшылық етпейміз. Нығметтерді Ол береді, артықшылықтарға да Ол ие, Оған көркем /лайықты/ мақтау-мадақтар болсын. Алладан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ, ал біз Алланың алдында дінде ықыластымыз, тіпті бұл кәпірлерге ұнамаса да» (Лә иләһа иллә-Ллаһу уәхдәһу лә шәрикә ләһу, ләһул-мулку, уә ләһул-хамду уә һууә ъалә кулли шәй-ин қадир. Лә хаулә уә лә қууатә иллә биЛләһ. Лә иләһа иллә-Ллаһу, уә лә нәъбуду иллә ийәһу, ләһу-н-ниъмәту уә ләһул-фәдлу уә ләһу-с-сәнә-ул-хәсәну, лә иләһа иллә-Ллаһу мухлисынә ләһу-д-динә уә ләу кәриһәл-кәфирун) (Муслим, 596).
1 Рет
لاَ إِلهَ إِلاَّ اللّهُ وَحْدَهُ لاَ شَرِيكَ لَهُ، لَهُ الْمُلْكُ وَلَهُ الْحَمْدُ وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ، اللَّهُمَّ لاَ مَانِعَ لِمَا أَعْطَيْتَ، وَلاَ مُعْطِيَ لِمَا مَنَعْتَ، وَلاَ يَنْفَعُ ذَا الْجَدِّ مِنْكَ الْجَدُّ
«Алладан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Ол Жалғыз. Оның серігі жоқ. Билік Оған тән әрі барлық мақтау Оған лайық, және Оның күш-құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді. Уа, Алла! Сен берген нәрседен ешкім айыра алмайды. Ал Сен бермеген нәрсені ешкім бере алмайды. Күш-құдірет иесінің күш-құдіреті Сенің алдыңда пайдасыз болып қалады» (Лә иләһа иллә-Ллаһу уахдәһу лә шәрикә ләһу, ләһул-мулку уә ләһул-хамду уә һууә ъалә кулли шәй-ин қадир. Аллаһуммә, лә мәниъа лимә әътайта, уә лә муътыйя лимә мәнәътә, уә лә янфәъу зәл-жәдди минкәл-жәдду) (әл-Бұхари, 844; Муслим, 593).
100 Рет
سبحان الله (33)، الحمد لله (33)، الله أكبر (33)، لاَ إِلهَ إِلاَّ اللّهُ وَحْدَهُ لاَ شَرِيكَ لَهُ، لَهُ الْمُلْكُ وَلَهُ الْحَمْدُ وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ
Біріншісі: 33 реттен «Алла /барлық кемшіліктерден/ Пәк!» (СубханаЛлаһ), «Аллаға барлық мадақ-мақтаулар тән» (ӘлхамдулиЛләһ), «Алла Ұлық» (Аллаһу Акбар) деп айту және жүз етіп толықтыру үшін «Алладан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ, Ол Жалғыз, Оның серігі жоқ. Билік Оған тән, барлық мақтау-мадақ Оған лайық. Сондай-ақ Оның күш-құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді» (Лә иләһа иллә-Ллаһу уәхдәһу лә шәрикә ләһу, ләһул мулку уә ләһул-хамду уә һууә ъалә кулли шәй-ин қадир) деп айту.
Бұл жөнінде Әбу Һурейраның хадисінде айтылған: «Алла елшісі : «Кімде-кім әр намаздан кейін Алланы отыз үш рет пәктесе, Аллаға отыз үш рет мақтау-мадақ айтса, Алланы отыз үш рет ұлықтаса – міне, бұл тоқсан тоғыз болады. Одан кейін жүзге дейін толықтыру үшін: «Алладан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ, Ол Жалғыз, Оның серігі жоқ. Билік Оған тән, барлық мақтау-мадақ Оған лайық. Сондай-ақ Оның күш-құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді» деп айтса, оның күнәлары кешіріледі, тіпті олар теңіз көбігі сияқты /көп/ болса да», - деді (Муслим, 597).
100 Рет
سبحان الله (33)، الحمد لله (33)، الله أكبر (34)
Екіншісі: 33 реттен «Алла /барлық кемшіліктерден/ Пәк!» (СубханаЛлаһ), «Аллаға барлық мадақ-мақтаулар тән» (ӘлхамдулиЛләһ), және 34 рет «Алла Ұлық» (Аллаһу Акбар) деп айту. Кәаб ибн Ъужраның хадисінде айтылғандай: «Алла елшісі былай деді: «Мына сөздерді әрбір намаздан кейін айтқан адамның көңілі қалмайды: отыз үш рет «Алла пәк» (СубханаЛлаһ), отыз үш рет «Барлық мақтау-мадақ Аллаға тән» (ӘлхамдулиЛләһ), және отыз төрт рет «Алла ұлық!» (Аллаһу Акбар)» (Муслим, 596).
100 Рет
سبحان الله (25)، الحمد لله (25)، الله أكبر، لا إله إلا الله (25)
Үшіншісі: «Алла /барлық кемшіліктерден/ Пәк!» (СубханаЛлаһ) 25 рет, «Аллаға барлық мадақ-мақтаулар тән» (ӘлхамдулиЛләһ) 25 рет, «Алла Ұлық» (Аллаһу Акбар) 25 рет және «Алладан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ» (Лә иләһа иллә-Ллаһ) 25 рет айту.
Бұл тасбих нұсқасы Абдулла ибн Зейдтің хадисінде келген. Хадисті әт-Тирмизи риуаят етті (3413) және әл-Әлбани сенімділігін растады «Тахқиқ мишкат әл-Масабих» 1/307).
1 Рет
سبحان الله (10)، الحمد الله (10)، الله أكبر (10)
Төртіншісі: «Алла /барлық кемшіліктерден/ Пәк!» (СубханаЛлаһ) 10 рет, «Аллаға барлық мадақ-мақтаулар тән» (ӘлхамдулиЛләһ) 10 рет, «Алла Ұлық» (Аллаһу Акбар) 10 рет айту.
Мына тасбих нұсқасы Адбулла ибн Ъамрдың /ол екеуіне Алла разы болсын/ хадисінде келген. Хадисті әт-Тирмизи риуаят етті (3410) және әл-Әлбани сенімділігін растады «Тахқиқ мишкат әл-Масабих» 2/743).
Алдыңғы зікірлердегі айтылып кеткен қағида сияқты, мына нұсқаларда да сол қағиданы қолданып, бірде бір нұсқаны, екіншіде екіншісін оқу абзал.
Сүннет бойынша, тасбих қол саусақтарымен орындалады. Ахмад және әт-Тирмизиде келген хадисте: «Пайғамбар : «Тасбих қылыңдар және саусақтарыңмен санаңдар, шын мәнінде, олардан сұралады және олар сөйлейтін болады», - деп айтқан (Ахмад, 27089; әт-Тирмизи, 3486; әл-Әлбани хадисті «жақсы хадис» деді «Сахих әл-жамиъ» 2/753).
1 Рет
اللَّهُ لَا إِلَهَ إِلَّا هُوَ الْحَيُّ الْقَيُّومُ لَا تَأْخُذُهُ سِنَةٌ وَلَا نَوْمٌ لَهُ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَمَا فِي الْأَرْضِ مَنْ ذَا الَّذِي يَشْفَعُ عِنْدَهُ إِلَّا بِإِذْنِهِ يَعْلَمُ مَا بَيْنَ أَيْدِيهِمْ وَمَا خَلْفَهُمْ وَلَا يُحِيطُونَ بِشَيْءٍ مِنْ عِلْمِهِ إِلَّا بِمَا شَاءَ وَسِعَ كُرْسِيُّهُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ وَلَا يَئُودُهُ حِفْظُهُمَا وَهُوَ الْعَلِيُّ الْعَظِيمُ
Әбу Умаманың хадисінде, ол: «Алла елшісі былай деді: «Кімде-кім әрбір парыз намаздың соңынан Аят әл-Күрси оқыса, оған жәннатқа кіруіне тек өлім ғана кедергі болады» (ән-Нәсәи «Әс-сунан әл-кубра» (9928), әл-Мунзири хадисті сенімді деді «Әт-тарғиб уә әт-тархиб» (2373), Ибн ъабд әл-Һади «Әл-Мухаррар» (1/198), Ибн әл-Қайим «Зәд әл-Миъад» (1/303)).
1 Рет
قُلْ هُوَ اللَّهُ أَحَدٌ، قُلْ أَعُوذُ بِرَبِ الْفَلَقِ، قُلْ أَعُوذُ بِرَبِ النَّاسِ
- {Айт: «Таңның Раббысына сиынып, қорғауын тілеймін»}, {Айт: «Адамдардың Раббысына сиынып, қорғауын тілеймін»} сөздерінен басталатын пана сұрау сүрелерін және {Айт: «Ол, Алла - Жалғыз»} сүресін оқу /әл-Фалақ, ән-Нас және Ықылас сүрелері/.
Ъуһқба ибн Ъамир хадисінде, ол: «Алла елшісі маған әр намаздан кейін пана сұрау /әл-Фалақ және ән-Нас/ сүрелерін оқуды әмір етті», - деді (Әбу Дәуіт, 1525; және әл-Әлбани былай деді: «Хадистің иснәді сенімді, сондай-ақ хадистің сенімділігін Ибн Хузейма мен Ибн Хиббан растады» «Сахих Әби Дәуд» (5/254)).
